Wordpressті компьютерге орнату

first-local-blogЕнді, біз Денверді орнатқаннан кейін, WordPressті компьтерімізге орнатамыз. WordPress деген, әлемге әйгілі дербес блог ашуға арналған сайт басқару жүйесі. Ал Denwer деген, интернетке шығудың қажетінсiз, кез-келген компьютерде сайт ашып, оларды өңдеуге арналған жүйе, демек, денвер сізге болашақ дербес блогыңызды алдымен өз компьютеріңізде ашуға мүмкіндік береді.

Блогты копьютерде ашудың қажеті не?

Блогты веб-хостингке көшіру алдында; блог келбетін ауыстыру алдында; сіз білмейтін қосымшаны (plugin) қосу алдында; wordpress-тің версиясын немесе оның қосымшаларын жаңарту алдында, сол жұмыстардың барлығын, әрдайым жергілікті серверде жасау керек. Оның барлығы қауіпсіздік себебімен, белгісіз әрекет жасау арқылы блогыңызды құртып алмау үшін жасалатын оңай әрекеттер, сақтансаң, сақтайды деген дей.

Төменде WordPressті компьютерге орнату қадамдары көрсетілген:

1. WordPressті мына жерден жүктейміз (өкінішке орай, қазақ тіліне аудармасы әлі жоқ).

2. C:\WebServers\home папкасының ішінде wordpress (бұл болашақ блогымыздың компьютердегі мекені) папкасын жасаймыз, осы папка ішінде тағыда бір www деген папка жасаймыз. Сізде былай болуы керек C:\WebServers\home\wordpress\www. \home папкасының ішіне жаңа ғана жүктеген мұрағат ішіндегі файлдарды көшіріңіз;

3. Енді, блогыңыздың мәліметтер қорын ашамыз. Браузерде  http://localhost/denwer/ бетін ашыңыз, сол беттің төменгі жағындағы “Утилиты” бөліміндегі “Заведение новых БД и пользователей MySQL” сілтемесін басыңыз. Төменде көрсетілгендей, жолдарды толтырыңыз:

  • Пароль администратора MySQL – бос қалтырыңыз;
  • Имя базы данных – wordpress;
  • Логин пользователя – wordpress;
  • Пароль – wordpress;
  • …еще раз – wordpress;

“Создать БД и пользователя” батырмасын басыңыз, енді “База данных и новый пользователь заведены” жазуын оқи аласыз (мұқият қарасаңыз ондай жазу бар!). Қазір сіздерге оңай болсын деп, барлығын бірдей wordpress деп жазып отырмын, кейін, веб-хостингке ауысатын кезде, оларды басқаша жазу міндетті.

4. \www папкасының ішіндегі wp-config-sample.php файлын NotePad++ -пен ашып деректер қоры туралы мәліметтерді енгізіңіз:

  • define(’DB_NAME’, ‘putyourdbnamehere‘); – жолындағы ерекше бөлінген жеріне деректер қорының атын жазыңыз  - wordpress
  • define(’DB_USER’, ‘usernamehere‘); – жолындағы ерекше бөлінген жеріне деректер қорының қолданушысының атын жазыңыз  - wordpress
  • define(’DB_PASSWORD’, ‘yourpasswordhere‘); – жолындағы ерекше бөлінген жеріне деректер қорының кілтсөзін жазыңыз  - wordpress

Содан кейін, мәзірден КодирокиКодировать в UTF-8 (без BOM) дегенді басыңыз, сосын, мәзірден Файл → Сохранить как… → wp-config.php деп сақтаңыз.

5. Денверді қосыңыз. Рабочий столдағы Start Denwer белгісін екі түртсеңіз болғаны. Ал егер денверді қосып қойсаңыз, RestartDenwer белгісін басыңыз (бұл маңызды);

6. Браузерде http://wordpress/wp-admin/install.php мекенін ашыңыз. Егерде, кез-келген қате болса, жоғарыда айтылған wp-config.phpны тексеріңіз, содан кейін қайта қайталаңыз. wp-config.phpны жақсылап тұрып тексерсеңіз, бірақ бәрібір қате болса, сол wp-config.phpны қыстырып, қате жайында маған хат жазыңыз;

7. Ашылған бетте, блогыңыздың атын жане өз электронды поштаңыздың мекенін енгізіңіз (поштаға блог кілтсөзі келеді). Install WordPress батырмасын басыңыз. Ашылған бетте құттықтау мен логин, және оның кілтсөзі көрсетілген (кілтсөзді көшіріп жазып алыңыз!).

Болды, енді блогыңызға кірсеңіз болады! Құттықтаймын!

Ертең, бұйыртса осы жазылымның видеосын ұсынамын =)

Saturday, July 4th, 2009 @ 22:29

Denwer джентельмен жиыны

Осы сабақта жазылымда біз дербес блог ашуға қадамдарымызды жалғастырамыз.

denwer-logo

Denwer логотипі

Web-өңдеушінің Denwer джентельмен жиыны

Denwer деген, веб-өңдеушінің (web-developer)  джентельмен жиынының атауы. Denwer – интернетке шығудың қажетінсiз, кез-келген компьютерге орнатылған сайттарды (демек, жергiлiктi орнатылған) өңдеуге арналған, дистрибутивтер мен вебте қолданылатын программалық қабықшалар жиыны. Denwerді компьютірімізге орнату арқылы, оны (компьютерімізді) жергілікті веб-хостингке айналдырамыз. Сонда әрқайсымызда өз жергілікті хостингіміз болады. Жергілікті хостингпен, веб-хостингтің айырмашылығы атында©, деседе болады. Демек, егер сіз, WordPressті компьтеріңізге орнатып үйренсеңіз, веб-хостингкеде оңай орнатасыз деген сөз.

  1. Denwerдің соңғы версиясын http://www.denwer.ru/ сайтынан табуға болады. Ол жерден жүктеу үшін тіркелу керек (суретте көрсетілген, жоба жаңалықтарға жазылуды ұсынбас едім, спам осындайдан басталады). Denwerді жүктеу сілтемесі сіздің электронды поштаңызға келеді, сол сілтемені басып Denwerдңі жүктеңіз;
  2. Denwerді компьютерге орнату, оны жүктеуденде оңай. Жүктелген файлды екі түртіп іске қосыңыз, содан соң, мұқият оқып отырып (орыс тілінде), айтқанын істеңіз;

Болды, Denwer компьютеріңізге орнатылды, браузерде мынадай бет ашылады! Енді сіздің компьютеріңізді жергілікті хостингке айналдыру үшін, тек қана Denwerді іске қоссаңыз болғаны. Тексеру үшін Denwerді қосып, браузеріңізде мына http://localhost/ бетті ашып көріңіз. Ашылдыма?) Онда бәрі дұрыс! Құттықтаймын!

сiзге
Thursday, July 2nd, 2009 @ 10:14

Дербес блогқа жету қадамдарын бастайық

Қазақстан блогосферасының басым бөлігі блог тұғырнамасында орналасқан блогтар. Бұл дұрыс жағдай, өйткені, Қазақстан блогосферасы әлі даму үстінде. Бірақ “даму үстінде” екен деп, ол жерде қол қусыра отыра берудің қажеті жоқ. Біз көп уақыт жіберіп алдық, ол уақыт тоқтамайды, әрі қарай кете барады. Әлем микроблогингке көшкелі, бірнеше жыл болды, ал “үлкен” блогинг (мына, сізбен біз білетін) жақын арада блогосферадан кетпейтініне өз көзім жетті, сондықтан, осындай тақырыптағы блогты жүргізуді ұйғардым. Қалай болғанда да, дербес блогтардан аттап кете алмаймыз, аттаудыңда қажеті жоқ, ол өте оңай!.

wordpress-stand-alone-blog2

-Дербес блог? -Оңай!

Келесі жазылымдарда, біз бірге, дербес блогты ашу үшін керекті (маңызды) қадамдарды жасаймыз (блог жазбаларым бір сабаққа айналып баратқандай =):

  1. алдымен өз компьютерімізді жергілікті хостингке айналдырамыз;
  2. сол жергілікті хостингке WordPressті орнатып үйренеміз;
  3. үйренген соң, онымен кішкене ойнаймыз =)
  4. ойнап болып, веб-хостингке көшеміз;

Осы жазылымға, дербес блог ашқысы келетеін блогшы достарыңызды шақыруларыңызды сұраймын, бәріміз бірге бастасақ жақсы емеспе! Мен сіздерге білегнімнің бәрін үйретуге тырысамын, және кез-келген сұрақтарыңызға жауап беремін!

Келесі жазылымды жіберіп алмас үшін, блогтың RSS-ағынына жазылыңыз (RSS деген не?)!

Wednesday, July 1st, 2009 @ 18:19

Сегіз қырлы блогинг – техникалық арқауы

blog-stand-aloneБлогтың техникалық түрін немесе техникалық арқауын таңдау, сол блогтың ашылу жолындағы ең маңызды мәселелердің бірі. Сіздің бұл блогты қызыға оқып отырғанызға қарағанда, өз блогыңызды ашуды ойлап жүрсіз-ау деймін =) Егер сіз болашақ блогыңыздың авторлық және мультимедиалық белгілірін таңдап болсаңыз, (тақырыбын баяғыла таңдады деген ойдамын =) Мархабат! Өте жақсы, енді ең азы, бірақ айтып өткендей, ең бір маңыздысы қалды. Ол блогтың техникалық арқауы. Бұл сұрақты осы жазылымда түбегейлі шешпекшімін. Кеттік!!!

Техникалық арқауына қарай блогтарды мен екі түрге бөлемін:

  1. Блог тұғырнамасында орналасқан блог;
  2. Дербес блог (Stand alone);

1. Блог тұғырнамасында орналасқан блог. Блог тұғырнама – блог ашуды және оның сүйемелдеуін жеңiлдетуге бағытталған сервис. Ол жерде тіркелгеннен соң-ақ, сізге дайын блог беріледі. Блог формальді түрде сіздікі, бірақ сізге көптеген шектеулер қойылады. Қолданушыға анағұрлым жеңiл веб-сервистерді білу жеткiлiктi (бастапқы HTML және MS Word). Мұндай блогтарды кастомизациялау мүмкiн еместiгiн ыңғайлылығының қарсы торабы деуге әбден болады, оның дизайнын анықтайтын үлгiлердi қоспағанда. Бұдан басқа (кемшіліктері), қолданушының контентi оған тек қана номиналды түрде тиiс болуы және ол (контент) блог тұғырнамасының иесiнiң бақылауында болғанын қосуға болады. Көбінесе, қолданушы өзiнің “батыл” ойларын толық түрде көрсету бостандығында шектелген, әдетте шектеулер, ережелерiнде тiкелей жазылған (ағыл. TOS, Terms Of Service) және блог тұғырнамасының “қақтығыс командасымен” (ағыл. AT, Abuse Team) қадағаланып отырады (әншейінде, Қазақстан блогосферасы әлі аз дамығандықтан болар, біреудің блог тұғырнамасының “қақтығыс командасына” жүгініп, немесе ережелерді бұзып жатқанын байқамайсың (осы туралы ойласам, “Атың шықпаса, жер өрте” деген ойыма келеді =)) Егер шектеулерге келіссеңіз, егер, олар сізге онша кедергі келтірмесе, сол блог тұғырнамасында жазып жайқала бересіз. Көптеген жас блогшылар осы блог тұғырнамаларынан бастайды, кікене тиын-тебен жинап дербес блогқа көшеді. Өйткені, уақыт өте, көптеген блогшылар ол жерден тез жалыға бастайды. Әрине, ол жерде белгілі әлеуметтiк орта, “достар” пайда болады, бірақ дербес блогпен техникалық арқауын салыстыру мүмкін емес. Өйткені, кез-келген блог тұғырнамасында блогтың техникалық (бағдарламалау, ары-қарай дамыту деген сияқты) жұмыстар жасауға шектеулер қойылған.

Мысалы үшін, бірнеше Қазақстан блог тұғырнамалары:

2. Дербес блог – басқару тетігі бөгде кісінің емес, иесінің қолында болатын жеке адамның немесе бірнеше адамның, яки ұйымның бірлесіп ашқан блогы (© Википедия, аударма urimtal).

Әдетте дербес блог артықшылықтары келесiлер:

  • блог контентi толығымен сіздiң қолыңызда;
  • өз блогыңызды технология жағынан, кез келген тараптарда (seo, smo) жетiлдiре аласыз;
  • сонымен қатар, блог дизайнын өз мүмкiндiгіңізше жетілдіріп, ауыстыра аласыз;
  • блог әкелген табыс 100%  оның иесiне, демек сізге тиесілі (WordPress.Com блог тұғырнамасында, блог арқылы табыс табуға тиым салынған);
  • блогыңыздың дамуы және оның болашақ тағдыры, тек қана сіздің мүмкiндiктерiңізбен, ой өрісіңізбен шектелген;

Таңдау әрқашан сізде, не шектеулері бар, екінің бірі  ашқан (без обид =) блог тұғырнама, немесе блогингте толық бостандық (кей-кезде мәртебе) сыйлайтын дербес блог! Өз басым, жаңадан блог ашқанда осындай мәліметтерді білмедім (шынын айтса мен көтеген нәрсені білмеппін). Егерде сол кезде менің көзімді ашатын мәләметтерді оқып, содан соң блог ашатын болсам, мен сөзсіз дербес блог ашар едім. Бірақ мен білмедім, тіптім басында ол жайында ойламадым =) Көптеген блог тұғырнамаларда, көптеген “қызықты” блогтар аштым (мен қателерімді жазып жатырмын, сіздер үйренсін деп =). Уақыт өтті, оларды ешкім оқымады, оқысада оқырман болып қалмады. Менің ойымша, осының барлығы блогингті дұрыс бастамағаннан, әрине менің көзімді ешкім байламады, сол сияқты сіздіңде көзіңіз ашық, бірақ неге екені белгісіз, сіз ойланбастан блог тұғырнамасына отыра салдыңыз, неге дербес блог ашпасқа?

”Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесі 2009

biz-ayil-concurs09Жазбасқа жол бермеген қазақ блогшыларына мыңда-бір рахмет! Сұрақтардың бәріне жауап табылады, тек уақыты келсін, уақыты да алыста емес, таяп қалды, сабыр соңы сары алтын емеспе!

Жақында Қазнетті кезіп жүріп ”Біздің ауылға” кез болдым. Блог келбетін жаңартқан Аңсар батыр, жақсы бір жобаны бастапты. Жобаның атауы зор, ”Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесі 2009“, оның қазақ блогосферасына әкелетіні де зор болады деген үміттемін. Үздіктің-үздігін сег3із аталымдар бойынша анықтайтын ой бар:

  1. Үздік аспаздық блог;
  2. Үздік жалпы блог;
  3. Жаңалықтар блогы;
  4. Үздік фото-блог;
  5. Үздік рухани блог;
  6. Үздік жаңашыл блог;
  7. Үздік спорт туралы блог;
  8. Үздік тақырыптық блог;

Мінекей, осындай аталымдарға арналған қазақ тіліндегі блогыңыз болса, өз үмітіңізді жіберіп алмаңыз, ескеретін жайт мынадай: тағайындалатын аталымдардың ешқайсысы дауыс беру арқылы анықталмайды, сонда қалай?) Бұл дегеніңіз, блогыңыз Аңсарға ұнаса жеңеді дегенді білдіретіндей, дегенмен жүлде иесі емеспе), ал егер блогым жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар десеңіз ”Біздің ауылдың” арнайы жүлдесін ұтып алыңыз. Әр жеңімпазға ақшалай сыйлық тағайындалғанға қоса, жеңген аталымы жазылған ”Үздік блог — 2009” деген белгі беріледі және электронды түрдегі дипломмен марапатталады. Мінекей қазақ блогшыларының дағдарысын көріңіздер!

Былай қарасаныңыз бәрі түсінікті, бірақ менде сұрақтар бар:

  1. жүлденің басталған және бітетін күндері қашан, күзге дейін жеңімпазды білемізбе?
  2. блогтарды таңдайтын эксперттер кім, егер олар болса?
  3. жүлденің идеясы кімге тиесілі екен, егер құпия болмаса?)
  4. менің блогымның жаңа келбеті қалай?))
Tuesday, June 30th, 2009 @ 20:57